26.10.2015, 14:31
Оқылды: 86

Ақын Махмет Қажиахметов - 60 жаста

МахметКүні кеше айтулы ақын, «Көгершін көңіл» жыр жинағының авторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Сырым елі» қоғамдық- саяси газетінің редакторы Махмет Қажиахметов 60 жасқа толды.

Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Сырым ауданының күніне арналған салтанатты шарада аудан басшысы Абат Шыныбеков мерейтой иесі Махмет Қажиахметовті құттықтап, иығына шапан жапты.

Махмет Қажиахметовтің есімі қазақ қаламгерлерінің әдеби ортасында жақсы таныс. Оның өлеңдері тың теңеулермен, лирикалық иірімдерінің әдемілігімен ерекшеленеді.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале