9.03.2016, 19:20
Оқылды: 26

Бабалар ерлігін ұлықтаған кітап

 Janibek kitap   Ұлы Отан соғысы кезінде жаумен арпалысып, бізге бейбіт күн сыйлаған, соғыс аяқталағаннан кейін де ішкі істер органдарында қызмет еткен қазақстандық ардагерлерге арналған «Жеңіс жолында» атты анықтама кітап жарық көрген болатын. Сол кітапта біздің ауданның үш ардагері Қыдыраш Алтаев, Сұлтан Бисекенов және Қабдолла Нұрғалиевтің қысқаша өмірбаяны, еңбек жолдары мен алған наградалары туралы ақпарат беріліпті.


         Бүгін аудандағы қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сәния Ғайнөшева және адандық ішкі істер бөлімінің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Орақаев жоғарыда есімдері аталған жерлес ардагерлердің үйлеріне барып, «Жеңіс жолында» атты кітапты олардың отбасы мүшелеріне табыс етті. Бекет Әліпқалиұлының айтуынша, бұл шығарма келешек ұрпаққа арналған. Олар аталарының жауынгерлік жолын біліп жүруі қажет.

Кітапты қабылдап алған Қыдыраш Алтаевтың зайыбы Ақиба Алтаева, Сұлтан Бисекеновтың қызы Қабира Сұлтанова және Қабдолла Нұрғалиевтың қызы және немересі Бакия Захирова мен Айгүл Ғабдолова  қан майданда қаскөй жаумен соғысқан ардагерлерге құрмет көрсетіліп жатқандығына дән риза болды.

  www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале