23.06.2016, 12:01
Оқылды: 26

Балы тәтті араның, кәсібін ашып жарадың!

????????????????????????????????????

Зеленов өңірінде тұрғындарға табиғи, әрі, пайдалы өнім ұсынып отырған омарта шаруашылығы  бар. Ол шаруашылықтың иесі – кәсіпкер Бекболат Мұқашев.


Кәсіпкер Январцев  ауылынан  30 шақырым жерде жалпы жер көлемі 5000 гектарды  алып жатқан «Алтын бидай» шаруа қожалығымен әмбеге аян. Он жылдан астам уақыт өсімдік шаруашылығымен айналысып келе жатырған  қожалық қосымша омарта шаруашылығын өз қаражатының  арқасында өрге дөңгелетуде. Бір-екі жылда құрылған бұл шаруашылықтың жұмыс қарқыны жаман емес.

Жалпы, араның 25 мыңға жуық түрі бар екен. Солардың ішінде, бал өндіру үшін ең қолайлыларының бірі – карпаттық ара тұқымдарын сатып алған Бекболат Мұқашев:

- Ең әуелі ара ұяларын орналастыратын орынды таңдап, содаң соң қажетті құрал-жабдықтарды Өскемен, Ресей Федереациясы, Самара, Бузлук, Оренбург қалаларынан алдық. Ал, аралар Оңтүстіктен, яғни Меркі, Тараз қаласынан әкелінді. Сондай-ақ, үйшіктер жанынан араларымыз бал тарта алатындай  түрлі гүл мен шөптерді ектік. Атап айтар болсақ, қазіргі уақытта жерімізде эспарцет, қарамық, фацелия, түйежоңышқа (ақ және сары түсті түрлері), ешкішөп, көк гүл кекірелер өсіп жатыр.

Бүгінгі таңда 150 дана ара ұясы бар. Келешекте бұл көрсеткішті 200-ге жеткізуге жоспарлап отырмыз. Өйткені, қазіргі күні таза қолдан шыққан ара балына деген сұраныс жоғары, әрі балымыз, басқа саттықтағы балдың бағасына қарағанда едәуір арзан,-дейді өз сөзінде. 

www.zhaikpress.kz
Айшабибі МӘМЕТ
Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале