15.04.2016, 16:53
Оқылды: 34

Бас редактормен кездесу өтті

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының Чапаев, Мерген, Ілбішін ауылдарында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин жұмыс сапарымен болды.

     Мектеп, балабақша, мектеп жанындағы интернат, дәрігерлік амбулатория секілді әлеуметтік нысандарды аралап, ұжым мүшелерімен әңгімелескен ол бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі, сапалы ақпараттар дайындау, газеттің Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тұсында, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орайластырылған жан-жақты ауқымды шаралар туралы тұщымды әңгіме қозғады. Бауыржан Файзоллаұлы бүгінгі ауыл тынысы, шаруасы, салт-дәстүрімізді өркендету мен бөтен діни ағымдарға қарсы тұру туралы да сөз қозғады. Ұрпақ тәрбиесіндегі олқы тұстар хақында да айтылды.


     Жиналғандар БАҚ туралы өздерін ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Мерзімді баспасөзге жазылу жайы да әңгіме болды. Өткір ойлар мен тың ұсыныстар да болмай қалған жоқ. Мәселен, Мерген ауылдық модельді кітапханада өткен кездесуде осы округтің әкімі Нұртаза Нәбиденов өздірінің тыныс-тіршілігінен қысқаша хабарлама жасады. Зейнеткер Орынғали Аймұқашев шаруа қожалықтарына көмектесу, ауылдық жерге мамандарға үй салу, бруцеллез ауруының мал арқылы адамдарға жұғу қаупі туралы баяндаса, көп жыл кітапханашы болған, танымал мәдениет ардагері Таукен Сұлтанғалиев тұрмыстағы кейбір олқылықтарды орынды сынап, мысалы, сиырдың сауылмайтыны, малдың бағылмайтыны, бақша салуға қырдың жоқтығы, т.б. етектен тартқан «ескі жараны» көлденең қойды.

      Ауған соғысының ардагері Серікбай Айтқалиевтің жастарға патриоттық тәрбие берудегі баспасөздің рөлі, заман талабына сай тірлікті түлетуге қатысты толғанысы ешкімді бей-жай қалдырмады. Өңірімізге зергерлік қырымен танылып жүрген ақсақал Аманғали Қайсағалиев ағамыз да ауылдағы діни ұстанымдар, мешіттер жұмысы, ұрпақ тәрбиесі сияқты көкейкесті жайларға ойлы пікір білдірді.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале