15.03.2016, 9:39
Оқылды: 18

Батысқазақстандық байқаушылар сайлауға дайын

Sailauga dayin Батысқазақстандық байқаушылар алдағы сайлауда өз қызметтерін атқаруға дайын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия өңірлік орталығының жетекшісі Вера Шохина мәлім етті.


Оның айтуынша, штаб мүшелері барлық 520 сайлау учаскесіне баратын байқаушыларды іріктеп алды. Олармен келісімшарт жасалып, семинар-тренингтер өткізілді, байқаушы куәліктері табыс етілді. Байқаушылар арасында институт оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінен бастап зейнеткерлерге дейін бар. Байқаушы боламын деушілерге шектеу қойылған жоқ. Барлық талапқа сай келгендері байқаушы ретінде іске кірісті. Оларға сол қызметі үшін ақы да төленеді.

«Байқаушылардың басты міндеті - сайлау болатын күні өз учаскесіндегі дауыс беру барысын бастан-аяқ бақылау. Сонымен бірге олар одан бұрын сайлау учаскелеріне барып, жұмыстарымен танысып, кандидаттар мен сайлаушылардың құқығы бұзылмауын қадағалайды. Заңбұзушылық бола қалған жағдайда сол бойда штабқа хабарласады. Әрі қарай тиісті шара алынады», деді В.Шохина.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале