15.09.2016, 17:02
Оқылды: 28

Батыс Қазақстанда ұсталған лаңкестер интернеттегі ДАИШ ақпараттарын негізге алып отырған - ҚР ҰҚК

kazinform  Батыс Қазақстан облысында ұсталған радикалдар интернеттегі ДАИШ (Ислам мемлекеті) халықаралық террористік ұйымының ақпараттарын негізге алып отырған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.


«Батыс Қазақстан облысында ұсталған радикалдар өздерінің қылмыстық пиғылдарында интернеттегі ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымының ақпараттарын негізге алып отырған. Лаңкестік қызметті атқару үшін шетелден қаржы жіберілгендігі және өзге де көздерден қаражат болғаны туралы ақпарат анықталған жоқ», - делінген комитеттің берген жауабында.

Сонымен қатар, хабарланғанындай, оларда діни және рухани көшбасшы болмаған. «Ұлттық қауіпсіздік органдары тамыз айында БҚО-да ұсталған радикалдар халықаралық лаңкестік ұйымдармен байланысы туралы ақпаратқа иелік етпейді. Лаңкестік үшін қажетті қаруды олар оқ-дәрі сақтау орындарына шабуыл жасау арқылы алуды жоспарлаған», - деп атап өтті ведомстводан.

Айта  кетейік, бұның алдында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12-30 тамыз аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумағында үш радикалды топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойғанын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны және Ақтөбе облысының 11 тұрғыны қамауға алынды.

 

Жасұлан Жолдыбаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале