5.01.2016, 11:10
Оқылды: 21

Батыс Қазақстан облысында дәрігерлердің жетіспеушілігі жойылады

IMG-20160105-WA0005   АСТАНА. ҚазАқпарат  - Биыл Батыс Қазақстан облысында дәрігерлердің жетіспеушілігі жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Денсаулық сақтау саласына 22 млрд. 200 млн. теңге бөлінді және облыстағы денсаулық сақтау мекемелерін  қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету 77 пайызды құрайды. Соның нәтижесінде орташа өмір жасының ұзақтығы өңірде 71.1 жасты  құрап отыр», - деді ол.


Оның атап өтуінше, өткен жылы өңірге 87 жас маман келіп,  54-і ауылдық жерлерге жіберілген. Жалпы, өңірде денсаулық сақтау саласындағы маман жетіспеушілігі 56 адамды құрайды.

«Біз Ақтөбедегі Марат Оспанов, Алматыдағы Асфендияров атындағы, Қарағандыдағы және басқа да облыстардағы медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне пәтер беру және басқа да әлеуметтік қолдауларды көрсете отырып, осы мәселені 2016 жылы толығымен шешеміз», - деді облыс басшысы.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале