19.01.2016, 12:00
Оқылды: 25

Батыс Қазақстан облысында «Крещение Господне» мерекесін өткізу кезінде су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

IMG_5432Орал қаласында Крещение мерекесінде ойыққа суға шомылу салты ежелгі кезден келе жатыр. Осы күні Ескі шіркеу соборы аумағында орналасқан Жайық өзеніне және қалалық саяжайдағы Шаған өзеніне жыл сайын мындаған адам келіп суға түседі. Осы жерлерде шіркеу қызметкерлері түннен бастап судың қасиетін қуаттандандырады.


Осы кезеңде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін БҚО ТЖД-ның негізгі күштері, сонымен қатар Ішкі істер департаментінің және медициналық қызметінің қызметкерлері ойықтардың жанында болды. Күні бұрын адамдардың көпшілік суға шомылатын жерлерінде алдын ала белгілері қондырылды, Жедел құтқару жасағының жеке құрамы байпақ, бахил, тері қолғап, құтқару құралдарымен жабдықталды, ал құтқару бекеттерінің старшиналары мен медициналық қызметкерлері медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Түн ортасынан бастап БҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының қызметкерлері әр ойықтың қасына кезекшілікке тұрды. Орал қаласында Жайық пен Шаған өзеніңде орналасқан ойыққа суға шомылуға арналған 16 орын жабдықталды. БҚО ТЖД апаттан құтқару бөлімшелері мен департамент қызметкерлерінің күшімен 19 қаңтар күні түнгі сағат 24-ке дейін  Крещение мерекесін өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі.

Ерте бастан дәрігерлер жұқпалы, жүрек-тамыр аурулары, гипертония, ми қан айналымы бұзылған, сонымен қатар эпилепсия аурулары бар адамдарға Крещение кезіңдегі мұздай суға түсуге болмайтыны туралы хабарланды. Сондай-ақ бұл күні ішімдік ішіп суға шомылуға тиым салынатыны туралы да бірнеше рет айтылды. ТЖ департаментінің  қызметкерлері  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде, қараңғы түнде жалғыз-жарым мұзға шығуына болмайтыны туралы да хабардар етті.

Департаменттің  бөлімшелері Жайық өзенінің Архистратиг Михаил шіркеуі, Шаған өзеніндегі «Динамо» базасы, Коминтерн ауылының маңындағы Шаған өзенінің Жайық өзеніне құяр тұсында және қалалық демалыс және мәдениет саябағындағы суға шомылу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Мереке алдында құтқарушылар мұздың қалыңдығын өлшеп, суға шомылатын ойықтар дайындады. Жеке құрам қауіпсіздік нұсқаулықтарын таратып, мұз бетіндегі қауіпті жерлерге ескерту белгілерін орнатты.

         www.zhaikpress.kz

 БҚО ТЖД мемлекеттік тіл

және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале