7.08.2015, 11:37
Оқылды: 24

Бақташыға сеніп, 71 қойынан айырылды

Baktashiga senip    Бөкей ордасы аудандық соты Б.М. деген азаматты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімі 1-тармағы бойынша (ірі мөлшердегі алаяқтық) айыпты деп танып, оған 4 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Саралжын ауылының тұрғыны жәбірленушінің өзіне бағуға сеніп тапсырған 71 қойын сатып жіберген, сөйтіп оған 1,545 млн. теңге көлемінде материалдық залал келтірген. «Сенген қойым сен болсаң...» деген осы.

Сот отырысында сотталушы жәбірленушіге материалдық залалды өтегенін айтып, кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімді қолдады.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале