23.09.2015, 11:06
Оқылды: 21

Бумакөл ауылдық округінде «Ұлт жоспары - 100 қадам» талқыланды

Borli audani 100 kadam   Ауыл әкімі Ж.Жумашева Елбасымыздың «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасының маңыздылығына тоқталды, әр салада жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, әр қадамға тоқталып әрбірі маңызды екенін оларды жүзеге асыру керек екенін атап өтті.

Бумакөл ауылдық оругінің үш елдімекенінде 1200 адам тұрады, ішінде 8 ұлт өкілдері тұратынын, олардың ынтымағы жарасып достығымен татулығы күн санап артып келеді дей келе, баяндама оқитындарға сөз берді.

Баяндамаларды тындағандан кейін талқылау жүргізіп отырысқа қатысқандар өз пікірлерімен алмасты.

Елбасымыз атап көрсеткендей, болашағымыз үшін жасалатын 100 нақты аясындағы мұрат мақсаттарға жету үшін барша отандастар болып атсалысуымыз керек. Бұл реформа 30 елдің құрамына кіру үшін жасалып отыр. Мемлекетімізді дамытып, алдағы атқарылар шаруалар зерделенеріне сенімін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале