18.03.2016, 17:52
Оқылды: 22

Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық

Taskala birlik   Наурыздың 18-і күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының концерттік залында «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты «Нұр Отан» партиясы жақтастарының аудандық форумы өтті.


Форумға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық сайлауалды штаб мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме мен бөлім басшылары және жастар қатысты. Шара халықтық хор ұжымының орындауында Н.Назарбаев пен Б.Тілеуханның сөзіне жазылған «Елім менің» әнімен басталды. Одан кейін сахна төріне спикерлер көтеріліп, форумды «Нұр отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабының басшысы Д.Ғазез сөз сөйлеп, салтанатты түрде ашты. Сонымен қатар аудандық аурухана дәрігері Б.Мусина, еңбек ардагері және өлкетанушы Ғ.Хисаметдинов, «Ақтілеу» әжелер ансамблінің жетекшісі М.Нұрмақова, Оян орта мектебінің мұғалімі, белсенді жас Қ.Рахметов және аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Д.Бекқалиевтар өз баяндамаларын оқып, 20 наурыз күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға және «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге шақырды. Форумның екінші бөлімі аудандық өнерпаздар дайындаған концертке ұласты.

www.zhaikpress.kz

Манас Әжіғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале