10.03.2016, 15:41
Оқылды: 25

БҚО бюджеті кірістер бойынша 109,4 млрд теңге көлемінде бекітіліп отыр

Biudjet kirisi  Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында тек дағдарысқа қарсы шаралар ғана емес, сонымен қатар арнайы стратегия да ұсынылған болатын. Жаңа заман талабында дағдарыс­қа қарсы кешенді және құрылымдық жаңару бес бағыт бо­йынша жүзеге асырылмақшы. Оның бірі - бюджет саясатын оңтайландыру. Осы орайда БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева өз ой-толғамын былайша білдірді.


Оның айтуынша, бюджетті қа­лыптастыру Елбасының қазына қара­жатын қатаң түрде үнемдеу туралы тапсырмасына және Бюджет кодек­сіне сәйкес өңірдің 2016-2020 жылдарға арналған әлеу­­мет­тік-экономикалық даму болжамы­­ның негізінде жүзеге асырылады. Жалпы, кіріс бо­­йынша облыс бюджеті 109,4 млрд теңге көлемінде бекітілген болса, оның ішінде жеке кіріс  24,4 млрд теңгені құрап отыр. Республикалық бюджеттен 44,8 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферттер мен несиелер қа­растырылған.

Шығындарды жоспарлауда бас­ты басымдылық азаматтардың жақ­сы тұрмыс кешуіне жете мән беріледі. Яғни әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау мен білім бе­ру, тұрмыстық жағдайларын жақ­сар­ту және жұмыспен қамту бойын­ша жағдайлар туғызу. Бұл мақсаттарға 42,6 млрд теңге қаралған. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 3,6 млрд теңге, көліктік инфра­құрылымды дамытуға 7,7 млрд тең­ге көлемінде қаражат көзделді.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің жаңа еңбекақы үлгісіне көшуі іске асырылып, денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жалақы 7 пайыздан 28 пайызға, білім беру саласының қызметкерлеріне 15-тен 29 пайызға, әлеуметтік қорғау және басқа салалар қызметкерлеріне 28-ден 40 пайызға артты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына орай биыл республи­ка­лық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген, оның ішінде 489,0 млн теңге ауылдық жердегі кәсіп­керліктің дамуына, 488,1 млн тең­ге инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, 427,5 млн теңге  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша шараларға көзделді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру ая­сында республикалық бюджеттен жеке кәсіпкерлікті қолдау­ға 1784,6 млн теңге мақсатты трансферттер қарастырылды.

Ұлттық қордан бөлінген мақсатты даму трансферттері 1,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде инженерлік-коммуникациялық ин­фра­құрылымды жобалауға, дамытуға және жайластыруға 1,1 млрд тең­ге және Шыңғырлау ауданының орталығындағы 290 орын­дық балабақша құрылысына 287,83 млн теңге берілді.

«2016  жылға арналған облыс бюд­­жеті әлеуметтік бюджет болып табылатынын атап өткен жөн.  Алдымызда тұрған оңтай­лан­дыру шаралары мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне кері әсер етпейді, олар толық көлем­де орындалатын болады», деп түйіндеді ойын Б.Қонысбаева.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале