13.05.2016, 17:10
Оқылды: 15

БҚО-да суға кеткен баланың мүрдесі Атырау облысынан табылды

 Suga ketken     Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрған 2009 жылғы баланың мүрдесі 12 мамыр күні сағат 15.00 шамасында Жайық өзені жағасынан көршілес Атырау облысы Индер ауданы Аққала ауылы тұсынан табылды.


     БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

     Еске сала кетейік, аталған бала 2 мамыр күні сағат 19.00 шамасында үйінен шығып, оралмаған еді. Оны осыншама жерге судың ағысы алып кеткен болуы керек.

     Бұдан бұрын 3 мамыр күні Орал қаласында Чапаев затоны маңында 1937 жылғы зейнеткер Жайық өзеніне суға кеткен еді.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале