21.05.2015, 10:50
Оқылды: 26

БҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Jana tagayindau   Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Алмагүл Төлегенқызы Баймағамбетова БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 20 мамыр күні өңір басшысы Н.Ноғаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. 

А.Баймағамбетова 1976 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. Мамандығы - қаржыгер.
Ол еңбек жолын 1995 жылы Шыңғырлау ауданы агроөнеркәсіп кешені жұмысшылары кәсіподақ комитетінің бас бухгалтері болып бастады.
1997-2001 жылдары - Шыңғырлау ауданы қаржы бөлімінің маманы, аға маманы, бас бухгалтердің орынбасары.

2001-2005 жылдары - Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы «Ақсайпромснаб» ЖШС бухгалтері.

2006-2008 жылдары - Шыңғырлау ауданы құрылыс бөлімінің маман-бухгалтері.

2008-2012 жылдары - Орал қаласы «WESTBUILDCOMPANI» ЖШС заңгері, қаржы директоры, бас директордың орынбасары.

2012-2013 жылдары - Орал қаласы «БатысЭлитСтрой» ЖШС қаржы директоры.

2013-2015 жылдары - БҚО құрылыс басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары.

2015 жылдың сәуір-мамыр айларында БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале