19.08.2015, 20:25
Оқылды: 28

БҚО ұстаздарының дәстүрлі тамыз мәслихаты

11889544_1632764126971671_7631569781853172144_nБүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратының мәжіліс залында Жайық өңірі білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді. «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында ұйымдастырылған кеңестің жұмысына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым және білім саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Альтаир Ахметов, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева қала және аудан әкімдері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, педагогика саласының ардагерлері, орта, арнаулы орта және жоғары білім беретін мекемелердің жетекшілері қатысты.

Алдымен залға орнатылған бейнеэкран арқылы облыстағы білім саласының өткен оқу жылындағы жетістіктері көрсетілді. Одан кейін өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы сөз алып, саланың бүгінгі тыныс-тіршілігі және әлі шешімін күткен түйткілді мәселелер туралы өз ой-пікірін бүкпесіз көпшіліктің талқысына салды.

11902582_1632765370304880_5873031442342363165_nТамыз кеңесі барысында жыл ішінде үздік нәтиже көрсеткен бір ұстаздар мекен мектеп-балабақшалар ұжымдары марапатталды. Атап айтқанда, «Орта білім беретін ұйым» байқауының жеңімпазы болып дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі танылды. Республикалық «Үздік педагог» байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары да сахна төрінен жүлде алды. Бастауыш, негізгі және орта білім беретін ұйымдар арасында «Үздік педагог» атағын Орал қаласындағы №35 мектеп-лицейдің химия пәнінің мұғалімі Зинаида Сухина, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар арасында «Үздік педагог» атағын Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің ағылшын пәнінің оқытушысы Әсия Мұқсинова иеленді. Марапаттауды өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жүргізді.

11866366_1632765400304877_5215387117942297211_nСонымен қатар жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне елеулі үлес қосқан ұстаздарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің наградалары табыс етілді. Атап айтқанда, Ы. Алтынсарин төсбелгісімен «Үміт» лингвистикалық гимназиясы математика пәнінің мұғалімі Нағима Саматова, дарынды балалаоға арналған С. Сейфуллин атындағы облыстық мамандандырылған №11 мектеп-интернаты математика пәнінің мұғалімі Мәншүк Шодыраева, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің директоры Нұрболат Нұрпейісов, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Орал қаласы №35 мектеп-лицейі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Бөрлі ауданы №1 мектеп-балабақша кешенінің директоры Алма Абдрахманова, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің директоры Серік Мұхамбетәлиев наградталды.

11863294_1632765430304874_2753680525454480441_nӨңір басшысы сондай-ақ ғимараттың фойесінде арнайы шәкірттердің күшімен жасақталған, облыстағы білім саласының жетістіктерін паш ететін көрменің жұмысымен танысып, жылы пікірін білдірді.

  www.zhaikpress.kz

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале