10.09.2015, 9:58
Оқылды: 24

БҚО әкімі өрт сөндіруге қатысты

Akim ort sondiru 01 Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев тікұшақпен Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі аумағында жүргізіліп жатқан өрт сөндіру жұмыстарына қатысты.

Осы аумақта кеше тікұшақпен өртеніп жатқан 2 мың гектардай жерге 36 тонна су шашылған. Тікұшақпен су шашудың өз ерекшелігі бар. Ол әр ұшқанында 5 тонна сумен көтеріліп, өрттің жел жағынан шаша алады. Сонымен қатар өрттің жерден де сөндірілетіні белгілі. Қазіргі таңда аталған аумақта өрт сөндірілген, тек қайта қоздау қаупі болғандықтан, ерекше бақылауда. Осы орайда өңір басшысы өрт сөндіру кезінде адамдар мен техниканың қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.

Еске сала кетейік, биыл өңірде өрт жиілеп тұр. Соның ішінде Орал қаласы маңында бірнеше өрт оқиғасы орын алып, оның орманды, саяжай аумақтарын және темір жолды шарпығаны мәлім.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале