16.03.2016, 19:11
Оқылды: 32

Бұралқы иттерді аулау жалғасуда

?????????????????????????????????????????????????????????

   Соңғы кездері Зеленов ауданында бұралқы иттердің көбейгені бас ауыртар мәселелердің біріне айналып отыр. Аудан орталығы мен округтерді кезіп, қоқыстан, қоқыс аралаған хайуандар елді-мекендердің санитарлық-гигиеналық жағдайын бүлдіріп қана қоймай, адамға шабу қаупін де тудырып отыр. Үстіміздегі жылы иттердің адам қапқаны туралы дерек те тіркелді.


Бұл мәселені шешу ісі қалай жүзеге асып жатқандығы жайында аудандық ветеринария бөліміне жолықтық. Мамандардың айтуынша үстіміздегі жылы бұралқы иттерді ұстауға 3256484 қаржы бөлінген. Қазіргі таңда аудан орталығы мен ауылдардағы қаңғыбас хайуандарды аулау ісімен «Батыс ЗОО Вет Сервис» жауапкершілігі шетеулі серіктестігі айналысып жатырған көрінеді. 2716 бас ит ұстауды көздеген мамандар науқан басталған ақпанның 16 жұлдызынан бері 753 бас қаңғыған итті аулапты. Бұл іс әлі жалғасатынын ескерер болсақ, жоспар толығымен орындалады деуге болатындай.

Қалай десек те бұралқы иттердің мәселесін шешу ісі еш уақытта тоқтамағаны жөн. Өйткені бұл тек санитарлық-гигиеналық тазылық үшін ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін де маңызды. Әр ит асырмаймын деген адам өзінің жауапкершілігіне алған төртаяқтысын ветеринарялық бөлімге тіркеп, тиісті құжаттарын алуы керек.

Ата-бабмыз жеті қазынаның бірі деп бағалаған иттердің көше кезіп, адам қауып, түрлі ауру таратып жатырғанына ең алдымен адамның өзі кінәлі.

Өйткені ауыл көшелерін кезген иттерді ол жерге сырттан ешкім әкеп тастап жатырған жоқ. Бағам деп алған соң жауапты болған да жөн.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале