21.10.2015, 17:30
Оқылды: 50

«Бұрымды қыз –өмір шырағы»

бурымдыларӘдемілігіне қос бұрымы жарасқан бойжеткенді көре қалсақ, қызыға да, қызғана  қарайтынымыз рас. Өйткені қазіргі күнде бұрымдылардың қатары арамыздан азайып барады.

Қазталов аудандық жастар демалыс орталығында салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар өз жалғасын тауып келеді. Бүгін мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері, ұстаздар арасында «Бұрымды қыз –өмір шырағы» тақырыбында әңгіме өрбітілді.

Шара барысында аудандық демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллина, «Қызға қырық үйден тиым», «Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі ана» бағытында сөз қозғалды.

Сондай-ақ Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Нәбия Өтегенова, «Ақ Жайық аруы - 2009» байқауында «Қолаң шаш» номинациясының иегері Фариза Табылдиева, аудандық жастар ресурстық демалыс орталығының маманы Әсем Халимуллиналар да тәрбиелік мәні зор ойларын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале