28.03.2016, 10:14
Оқылды: 25

Бөкей Ордасы аудандық мәслихаттың алғашқы сессиясы

Orda sessia   Бөкей Ордасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы шақырылымындағы сайланған аудандық мәслихаттың ұйымдастыру сессиясы оздырылды. Оған депутаттармен қатар аудан әкімі мен оның орынбасарлары, аппарат жетекшісі, округ әкімдігінің мекеме басшылары, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.


Сессияны аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының төрайымы Л.Қайырғалиева ашып, сессия жұмысын жалғастыру үшін төраға сайлап алу қажеттігін айтты. Төрағалықта депутаттар бірауыздан Т.Арыстанбековты бекітті.

Аудандық мәслихаттың хатшысын ашық дауыспен сайлауды құп көрген депутаттар «Нұр Отан» фракциясы мүшесі Гүлнара Мұханова ұсынған Ерболат Таңатовтың кандидатурасына біркісідей дауыс берді.

Аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы құрылып, 1 ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық  қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі комиссия құрамына Т.Арыстанбеков (төраға), С.Оңаев, Г.Мұханова, Ғ.Махимов, Н.Тәжімұратов, С.Сауықов; 2 ауданның әлеуметтік саясаты, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы балалар мен аналар, экология жөніндегі комиссия құрамына Б.Бектелеуова (төрайым), А.Түсіпқалиева, Ж.Әшенов, Е.Меңдалеев, С.Сәрсенов енді.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы төрағалығына Жароков сайлау округінен депутат Бибігүл Бектелеуова сайланды.

Сессия алдында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жақында өткен Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауы күні 60 жасқа толған және басым дауыспен аудандық мәслихат депутаттығына сайланған Арыстанбеков Тілеген Керейұлын мерейтойымен құттықтап, Алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыс етті.

www.zhaikpress.kz

К.ҒАЙСИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале