25.12.2015, 10:35
Оқылды: 29

Бөкей ордасы ауданына әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін мәслихат депутаттары марапатталды

 Bokei Orda kyrmet gr Бөкей Ордасы ауданы әкімі Н.Рахымжанов бір топ жерлестерімізге құрмет атақтары мен өзіндік сый-сияпаттарын табыстады.

Алғашқы кезекте Нұрлан Сағынтайұлы ұзақ жылдар абыройлы қызмет еткен Бисекенова Гүлжиян Исағалиқызына «Қазақстан мәслихаттары депутаттары» қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің шешімімен берілген «Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» төс белгісімен марапаттап, куәлігін ұсынды.


Сонымен қатар өңіріміздің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мәслихат депутаттары Талғат Саматов пен Ардақ Әлиеваға Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасын табыстады.

«Нұр Отан» партиясының кейбір белсенді мүшелеріне де сый-сияпат көрсетілді.

www.zhaikpress.kz 

Б.БИСЕНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале