14.10.2015, 10:45
Оқылды: 24

Бөрліде ауыз су мәселесі оң шешімін табуда

су кубырыҚанайлықтар ауыз су тапшылығын көрмесе де, сумен қамту жүйесін қайта қалпына келтіру ауыл тұрғындары үшін осы уақытқа дейін өзекті мәселенің бірі боп келген еді.

Биыл бұл мәселе де өз шешімін таппақ. Шілде айында басталған су құбырларын жаңарту жұмыстарын бас мердігер «KCG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Жобаның аяқталу мерзімі үстіміздегі жылдың қараша айының орта шамасына жоспарланып отыр.

Жаңаталап ауылының тұрғындары да көп ұзамай таза ауыз суға қол жеткізбек. Ұзақ уақыттан бері шешімін таппай жүрген ауыз су мәселесі бұл ауылда да ағымдағы жылы шешілмек.

Шілде айында басталған жұмыстармен танысқан аудан басшысы Марат Түсіпқалиев тарапынан құрылысқа жауапты мердігерге қатысты бірқатар сыни ескертпелер болды. Десе де, жауапты мердігер жобаның қараша айында аяқталатынын баяндады.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале