17.09.2015, 12:00
Оқылды: 37

Бөрлі ауданында сотталғандардың тұрмысы талқыланды

Borli sottalgandar tyrali   Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органы отырысы өтіп, кеңесті аудан әкімінің орынбасары, кеңесші органның төрағасы Азамат Сафималиев жүргізді.

Алдымен Бөрлі аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Р. Мазгутов Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі бойынша Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жайын қозғады. Әділет майоры айтып өткендей, бұл жандарға біржолғы материалдық және атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мемлекеттік балалар жәрдемақысы, уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыру секілді түрлі жәрдем көрсетілуде. Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша ауданда есеп бойынша 152 сотталған тұлға бар. Оның ішінде 39 тұлғаға сот бойынша пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ пробациялық қызметінің есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босап келген 10 тұлға да бар. Р. Мазгутов жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, денсаулық сақтау мен білім беру бөлімдерімен өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған бірлескен жоспарды бекіту қажеттігін атап өтті. Ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Г. Турееваның айтуынша, бұл мекемеге биыл жұмыссыз ретінде бас бостандығынан айыру орнынан босап келген 14 тұлға тіркелген. Жыл басынан бері өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне соталған тұлғалар да шақырылған. Жұмыспен қамту бөліміне жүгінген бір тұлға мекемеге оператор болып жұмысқа алынған. Ал біреуі кәсіптік білім алса, екі тұлға қоғамдық ақылы жұмысқа жіберілген. 11 тұлғаға жалпы сомасы 327 030 теңгені құрайтын бір жолғы материалдық көмек көрсетілген. Сонымен қатар пробация қызметінде тұрған 18 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп отыр. Бұлардың арасында бір адам тұрақты жұмысқа орналасып, біреуі қоғамдық ақылы жұмысқа жолданған. Ал 7 тұлғаға жалпы сомасы 208110 теңге болатын бір жолғы материалдық көмек көрсетілген. Бір тұлға «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жолданып, екі адам өз бетімен жұмысқа орналасқан.

www.zhaikpress.kz

          Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале