18.06.2015, 9:22
Оқылды: 34

Бөрлі ауданының тұрғыны көп балалы ана «Күміс алқа» алқасына ие болды

Borli alka Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2015 жылғы 21 мамырдағы №28 жарлығымен Бөрлі ауданының тұрғыны көп балалы ана Нурия Сиражева «Күміс алқа» алқасына ие болды.

Алты бала туып, тәрбиелегені үшін бұл награданы аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Каналин табыстады. Нурия Қайыржанқызына ұл-қыздарының қызығын көріп, отбасының амандығын тілеген Жаңабай Нәбиұлы елімізде осындай көп балалы аналар көбейе берсін деген тілегін білдірді. «Отбасында бірнеше бала болса, олар бір-біріне көмектесіп, қамқор болып өседі. Әрине қиындық болады. Бірақ әр баланың қол жеткізген жетістігіне қуанып, марқайып қаласың. Балаларым оқып, дипломдары бойынша жұмыс жасап жүр. Мен қазіргі жастардың көп балалы болуларын тілеймін», - деп ағынан жарылды төрт ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген көп балалы ана өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіре отырып. Салтанатты рәсімге қатысып, ана қуанышына ортақтасқан әкімдіктің өзге қызметкерлері де жылы лебіздерін білдіріп, алтын құрсақты аналар жастар үшін қашан да үлгі болатынын айтты.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале