23.12.2015, 16:50
Оқылды: 27

Герефорд, ангустар жерсініп келеді

 Janakala Angus  Осы сенбіде Жаңақала ауданы басшысы Л.Хайретдинов қыстақтардың жай-күйін, қысқа дайындық барысын білмек мақсатымен іссапарға шықты. Алдымен Бірқазанды қыстап отырған Темірлан Шамұратовтың шаруашылығына барды. Өйткені бұл шаруа қожалығы сүт өндіріп, аудан орталығын сүт өнімдерімен қамтып отырған бірден-бір қожалық. Жұмысын жетілдіру мақсатында биыл ол «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 51 бас сүтті сиыр тұқымы – қырдың қызыл сиырын алған болатын.


Аудан басшысы осы малдың жерсіну жайын көре кетуді жөн көріпті. Одан кейін Т.Мусин басқаратын «Муса» шаруа қожалығы, Қызылоба округіне қарасты Ерболат Айтқалиев басқаратын «Жандос» шаруа қожалығында болып, шаруашылықтардың жай-жапсарымен толық танысты.

Аудандағы ірі шаруашылықтардың жағдайын өз көзімен көріп, жіті танысқан аудан басшысымал қыстатудың барысы жақсы, тек су мәселесі оң шешілсе әзірге алаңдаудың негізі жоғына көз жеткізіп қайтты.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале