17.07.2015, 13:42
Оқылды: 31

«Домбыра патиға» келіңіздер, өнерлеріңізді көрсетіңіздер!

Dombira patti   Құрметті Оралдықтар және қала қонақтары! Сіздерді бүгін сағат 19:00 де таза қазақи орта күтеді. Нағыз қазақ – домбыраның құлағында ойнайтындар мен өнерсүйер жастар қаламыздың жаңа Салтанат сарайы маңында бас қосып «Домбыра Пати» өткізеді. Ұйымдастырушы Мәдени ағарту бірлестігі. Еліміздің әр облысында ұйымдастырылып жатқан бұл шараны оралдықтар алғаш рет өткізіп тұрған жоқ. Осыған дейін де домбырасын иығына іліп, шаһарды әнмен тербеген өнерлі жастар бірнеше рет бас қосқан болатын. Бұл кеш – соның жалғасы.  "Домбыра Патиді" жоғары деңгейде өткізуге атсалысыңыз! Келіңіздер, көріңіздер, өнерлеріңізді көрсетіңіздер!

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале