17.08.2015, 19:44
Оқылды: 17

«Достық  ұстаханасындағы» кездесу  

 

достықТеректі ауданының Покатилов ауылында украиндардың «Еднання», қазақтардың «Алтын бесік», татар ұлтының «Алтын гюль», белорустың «Сябры», орыстың «Русская изба»  бірлестіктері дөңгелек үстел басында кездесті.

Жайлы өткен отырысқа аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов қатысып, Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасына кеңінен тоқталды.

Бұдан әрі сөз алған Покатилов округінің әкімі Айжан Нұртазина, ұлттық бірлестіктер жетекшілері де атқарған жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Осы жерде ауыл ағасы Ерғали Бекетов бұрынғы кеңес үкіметі кезінде-ақ Покатиловканың «Достық ұстаханасы» деп аталғанын еске алды. Шынында да, сонау қоныстанушылар кезеңінен бері қазақ пен орыс, белорус пен татар, украин мен әзірбайжан дегендей, он шақты ұлттың баласы «тонның ішкі бауындай» аралас-құралас отырған Покатиловка ұлы Қазақстанның шағын бір үлгісі іспетті.

Үстел басында әңгімесі жарасқан ұлттық бірлестік мүшелері бұдан әрі жергілікті Мәдениет үйінің сахнасында ұлтына тән ән айтып, би билеп, ауыл халқының көңілін көтеріп тастады.

www.zhaikpress.kz

Камелия ӨТЕУ 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале