10.11.2015, 13:13
Оқылды: 19

«Дін және әйел» тақырыбында республикалық форум өткізеді

Din jane ayel takiribinda   Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, ҚР МСМ дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бастамасымен 2015 жылдың 12 қарашасында чағат 10:00 де «Дін және әйел» тақырыбында республикалық форум өткізеді.

Форумның мақсаты әйел және дін тақырыбын қоғамдық-саяси ғылымдар негізінде талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру, қоғамның әр саласындағы әйелдердің басын қосу арқылы әйел құқығы, әйел мәртебесі, қазіргі әйел тұлғасы секілді ортақ мәселелерді талқылау, отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, қоғамды рухани дамыту жолдарын іздестіру, қыз бала тәрбиесі мен олардың құқықтарын қорғау мәселелері, қазіргі таңдағы діндар әйел келбетін айқындау және діни фанатизмнен сақтандыру жолдарын анықтауға ықпал ету.

Форум жұмысына ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің, оқу орындарының, ҮЕҰ-дың өкілдері қатысады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале