25.06.2016, 22:19
Оқылды: 31

 “ДEM” алкогольсіз сусындар өндіру цехында

FB_IMG_1466870141415Аудан орталығында орналасқан жеке кәсіпкер Сержан Ашығалиевтің жетекшілігіндегі “ДEM” алкоголсіз сусындар өндіру цехына барған облыс әкімі Алтай Көлгінов аталмыш нысан базасында ауыл кәсіпкерлерімен дидарласты.


Айта кету керек, цех өз жұмысын «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 11 млн. теңге несие алып бастаған.
Алкогольсіз сусындар өндіріп, оны халыққа ұсынуда ерекше сұранысқа ие цехтың басты өнімі «ДЕМ» минералды сусынын аудан түгіл, қаланың сауда нүктелері мен мейрамханаларынан да көруге болады.
Танымалдылыққа ие сусын көршілес Атырау, Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарына да тұрақты түрде жеткізіліп келеді.
- Біз қалада тұрсақ та, Қаратөбенің суын ішіп отырмыз. Таза да сапалы ауыз судың осындай жоғары сұранысқа ие болғандығы облыс үшін де үлкен мерей, - деді облыс басшысы А.Көлгінов.
Цехта болған сапарында өңір басшысы ауданның бірқатар кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың болашақ жоба-жоспарларын сұрады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале