1.06.2016, 10:53
Оқылды: 20

Егіс науқаны жалғасуда

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 99

 Биыл көктемгі ауа райының салқын әрі жаңбырлы болуына байланысты көктемгі далалық  жұмыстар жылдағыдан сәл кешеуілдеп басталды.

    Қазіргі уақытта облыс аудандарында көктемгі далалық жұмыстар жаппай қызу жүргізілуде. Биыл 370 мың гектарға жоспарлы ылғал жабу жұмыстары толықтай аяқталды. Егіс алдындағы культивациялау жұмыстарының жоспары 163,3 мың гектар болса, күні бүгінге 147,7 мың гектар алқап культивацияланды және ол жоспардың 90,5 пайызын құрайды.


    -Бүгінде 121,7 мың гектар алқапқа жаздық дәнді дақылдар егілді, соның ішінде 86,1 мың гектары жаздық бидай, 31,1 мың гектары арпа және 4,5 мың гектары басқа да жаздық  дәнді дақылдар. Аудандардың жұмыс  жоспары бойынша жаздық дәнді дақылдарды 191,6 мың гектарға егу жоспарланған болса, ол 63,5 пайызға орындалды. Сонымен қатар майлы дақылдар егу жұмыстары да жалғасуда, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы бөлімінің басшысы  Денис Омашев.

    Өңірде 48,5 мың гектарға майлы дақылдар егілмек. Қазіргі уақытта соның 31,1 мың гектарына (65,3%) майлы  дақылдар  егілген.  Нақтылай түссек, соның ішінде 18,7 мың гектар  алқапты күнбағыс, 11,0 мың гектарды мақсары, 0,32 мың гектарды зығыр және 1,39 мың гектарды қыша дақылы құрайды. Оның сыртында күзде егілген 0,27 мың гектар арыш дақылы бар.

   Облыс бойынша 12 000 гектарға картоп, көкөніс-бақша дақылдарын егу жоспарланған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған соңғы 30 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, облыс бойынша 4 394 гектарға картоп (жоспар - 5 300 га, орындалуы - 82,9%), 3 356 гектарға көкөніс дақылы (жоспар -4 600 га, орындалуы -73,0%) және 1 536 гектарға бақша дақылдары (жоспар - 2 100 га, орындалуы - 73,1%) отырғызылған. Ал басым бағыт беріліп отырған мал азықтық дақылдар бүгінде 31,4мың гектарға егілген, соның 16,9 мың гектары көпжылдық шөптер, 17,2 мың гектары біржылдық шөптер.

    Өңір диқандарының  далалық  жұмыстары одан әрі жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын  ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале