27.05.2015, 14:48
Оқылды: 28

Еділ сапары жүрегімізді елжіретті

Janiek mamai korgani   «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Ахмедияр Батырханов,  аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сағынбек Стамов, мекеменің жүргізушісі Кенжебай Машевпен  Волгоград қаласына сапарладық. Мақсатымыз - Мамай қорғанына барып, Еділ бойындағы  қаһарман қала Волгоградты  қорғау жолында қанын төгіп, жанын қиған боздақтар рухына тағзым ету болатын.

200 күн мен түнге (1942 жылғы шілде – 1943 жылғы 2 ақпан) созылған қанды шайқаста жау жағынан өлгені, жараланғаны, тұтқындалғаны, хабарсыз кеткендері бар 1,5 млн-ға жуық солдат пен офицерінен, ал Қызыл Армия 1 млн.130 мыңға жуық  адамынан айырылған.

Мемориалдық ескерткіштің әр тасынан  аталар рухы үн қатқандай әсер алдық. «Егерде мен өліп кетсем, коммунист деп есептеңдер» деген тастағы жазуды оқығанда Отанын сүюдің өшпес үлгісін бұдан артық көрсетудің баламасы жоқ-ау сірә, деген  ойға шомдық. «Еділдің бойы ен тоғай, Ел толтырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге, Мал толтырсам деп едім»,- деген азулы Махамбеттің  ізін басқан текті ұрпақтың тәуелсіз буыны болып табылатын біздің қолымыздағы еліміздің желбіреген көк Туына деген сүйіспеншілікті көрдік Еділдегі  жұртшылықтың көзінен.

Гранитті қабырғадағы қаланы қорғау жолында оққа ұшып, осы төбеде мәңгілік ұйқыға кеткен боздақтардың есімдері жазылған сансыз тізімдегі қазақша ныспылардың бірқатарын  тізбелесек: Р.Курбанов, кіші сержант  У. Джанбырбаев, аға сержант У. Джанбырбаев, аға сержант  Т.Игамердыев, қатардағы жауынгерлер Б.Нуркенов, Б.Б.Омарханов, К.Байзербилов, И.Сыздыков, Н.Джураев, М.Джангононов, К. Дуисембаев, Т. Жабасов, Д. Бакаев, Ш.Бакаев, И.Байдаков, К.А манкулов, М.Аубекуров, Ч.Абдулаев, кіші лейтенант К. Хаджиназаров, аға лейтенант  М.М.Миндибаев.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале