20.08.2015, 18:26
Оқылды: 23

"Екінші дәрежелі банктер тұтынушыларды белсенді түрде несиелендіре бастайды"

келимбетовБұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Енді нарық бағаны өзі қалыптастырады. Сәйкесінше, қаржылық агенттер немесе қаржы нарығына қатысушылар алыпсатарлық жүйеден ресми түрде нарықтық жүйеге ауысады. Сондықтан қаржылық институттар, яғни екінші дәрежелі банктер жақын уақытта тұтынушыларды белсенді түрде несиелендіре бастайды. Ал жаңа инфляциялық таргеттеу режімі бұған көп мүмкіндіктер туғызады», - деді Қ. Келімбетов.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале