28.06.2016, 17:52
Оқылды: 22

Екі бағдарламаны түсіндіру бойынша басқосу өтті

ZelenovЗеленов ауданы әкімдігінде «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламаларын түсіндіру бойынша жиын өтті.


 

Басқосуға аудан басшысы Кәрім Жақыпов, БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары Әнуар Ниетқалиев, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ БҚФ бас несие менеджері Нұрбол Жұмағалиев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ БҚФ бас менеджері Ренат Құсманов, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация Ұлттық компаниясының жетекші менеджері Нұрбол Алтаев, «БанкЦентрКредит», «Қазақстанның Халық Банкісі», «Казкоммерцбанк», «ҚазАгроҚаржы» өкілдері және аудандық кәсіпкерлер, округ әкімдері қатысты.

Зеленов ауданының басшысы кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы нарықтық тауарлар мен қызметтерді ұлғайтуға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер барын айта келе, сөз кезегін БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары Әнуар Берікұлына ұсынды.

Ол өз кезегінде ауданда іске қосылған ірі инвестициялық жобалар, «Бизнестің жол картасы - 2020» мен «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының орындалу барысы, тиімді тұстарына тоқтала отырып, алдағы уақытта барша аудан кәсіпкерлерімен бірлесіп, мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек екендігін айтты.

Одан кейін аудандағы кәсіпкерлік саласының даму барысын баяндаған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бағдат Тоқжанов жалпы жыл басынан шағын және орта кәсіпкерлік тарапынан 576  адамға жұмыс орны табылатындығын айтты.

Кездесу барысында мүдделі мекеме басшыларына кәсіпкерлер өздерінің көкейіндегі сауалдарын жолдап, кеңестер алды.

Жиынды Кәрім Кәрімоллаұлы аудандағы қоғамды өркендету кәсіпкерлікпен тікелей байланысты екенін тілге тиек етіп,  осы күнге дейін бағындырған белестермен тоқталып қалмай әр кәсіпкер өз ісін жандандыра беруі керек деп қорытындылады.

www.zhaikpress.kz
Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале