9.03.2016, 19:59
Оқылды: 20

Елбасы егемендік жылдары еліміздің айтулы жетістіктерге жеткеніне өңіріміздің қосқан елеулі үлесін атап өтті

 Nazarbaev Assambl02  Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен «Біздің күшіміз – бірлікте» атты республикалық форумда Президент егемендік жылдары еліміздің айтулы жетістіктерге жеткенін еске алды. Батыс Қазақстан өңірінің оған қосқан елеулі үлесін атап өтті. Қазіргі экономикалық ахуалы мен жетістігіне тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығын және экономикалық табыстарын нығайтудағы рөлін атап көрсетті.


Қоғамда түсініспеушілік, тайталастық, араздық секілді жайттар орын алатыны заңдылық. Десе де бейбітшілік пен тұрақтылықтың құнын тек жоғалтқанда ғана білесің. Украинадағы шиеленістерді бастан өткеріп, Қазақстаннан пана іздеп келген отандас. Бір жақсы іс екіншісін тартады, оның соңы игілікке бастайды. Президент қолы ашықтық пен кең пейілділіктің маңыздылығын айта келе, жасалған жақсылықтың қайтарымы да болатынын мысал келтіріп жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Кезінде ата-бабамыздың тер төккен еңбегінің жемісін қазір өскелең ұрпақ көріп келеді. Егеменді елдің ұрпақтары енді осы сабақтастықты ары қарай жалғастырып, дамыту қажет. «Оған білімді де ынталы, жігерлі жастар тәрбиелеу қажет», - деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

 Қазақстан Республикасының Президенті: - Ел болдық, жаңа ұрпақ тәрбиеледік, жастарды іште де, сыртта да оқыттық. Сол үшін жұмыс істейік, біздің буынның көтерген жүгін тілеймін. Президент алдағы сайлауға жұмылған жұдырықтай қатысуға үндеді. Әрбір адамның даусы қаншалықты маңызды екенін айтты, азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерін еске салды. Қортындылай келе, Елбасы әрбір қазақстандықтың, жасы мен кәрісінің елдік пен тұтастыққа қосып отырған үлестері үшін, қажырлы еңбек етіп, елдің дамуына ықпалдасып отырғанына алғыс білдіріп, тыныштық пен денсаулық тіледі.

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале