16.09.2016, 15:41
Оқылды: 31

Елордасы Астанада - Батыс Қазақстан облысы күндері

astana-xan-shatiri  Бұдан бұрын хабардар еткеніміздей, ертең елордамыз Астана қаласында "Қуатты өңір - қуатты Қазақстан" атты облыс күндері аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталады.

  Бұл жөнінде бүгін түс ауа "Қазмедиада" өткен бринфингте мəлім етілді.


  Брифингке қатысқан БҚО əкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының басшысы Дəулеткерей Құсайынов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Оразова т.б. сала басшылары толыққанды ақпарат беріп, барша астаналықтарды БҚО күндері мерекесіне белсене қатысуға шақырды.

  Дəл қазіргі уақытта еліміздің бас қаласына Ақ Жайық өңірінен бет алған жауапты тұлғалар мен ұйымдастырушы тараптар, өнер өкілдері келіп жетті. Жəрмеңке мен концерттік бағдарламаның соңғы əзірліктері қызу жүруде.

  БҚО күндері ертең ауыл шаруашылығы өнімдері жəрмеңкесінен бастау алады. Жəрмеңке бағдарламасы жөнінде аз-кем өзгеріс. Яғни, жəрмеңке өтетін орын болып Хан шатыры алаңы белгіленді.

  Қазіргі таңда алаңда киіз үйлер тігіліп, сауда-саттық шатырлары орнатылды.

  Ақ Жайық өңірінің сапалы да таза өнімдеріне қызығушылық танытушы жерлестер мен елордалықтарға өнімдер қолжетімді бағамен берілмек.

  Жəрмеңке ұйымдастырушылары шараға астаналықтар мен жерлестеріміздің көптеп келетіндігіне де бек сенімді.

  Айта кетерлігі, бұл күні жəрмеңкеге қатысушылар сауда-саттық жасап қана қоймай, оралдық белгілі өнер шеберлерінің мерекелік сазды бағдарламасын тамашалауға мүмкіндік алады.

  Ендеше, сенбінің сəтінде сəтімен сауда жасап, əн-күй тыңдап қайтыңыз, астаналық ағайын, қадірлі жерлестер!

Ертай БИМҰХАНОВ

Астана қаласынан

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале