26.04.2016, 11:47
Оқылды: 13

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды

????????????????????????????????????

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 22 сәуірде аудандық спорт клубында  үстел тенисінен Қаратөбе ауданының біріншілігі оздырылды.

    Аудан біріншілігінің ашылу салтанатында «Қаратөбе»  спорт клубының басшысы Жасұлан Ниязов сөз сөйлеп, біріншілікке қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Ойын  Ережесімен  аталмыш клубтың әдіскері Нұрдәулет Сәленов таныстырды.


   Жарысқа ауданның Аққозы, Саралжын, Қаракөл, Қоскөл,Егіндікөл,Сулыкөл ауылдық округтерінен және Қаратөбе ауылдық округі бойынша Қаратөбе,Шөптікөл ауылдарынан барлығы 32  спортшы қатысқан атаулы сайыста ерлер арасынан аққозылық Жасұлан Жүсібалиев, қыздар арасынан шөптікөлдік  Ляззат Дүйсенова шеберлік танытып жүлделі бірінші орындарды иеленді. Жарыс жеңімпаздары диплом және сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале