23.06.2015, 15:08
Оқылды: 24

Ескендір Хасанғалиевтың 75 жылдығына арналған «Туған жер-әнім» шығармашылық кеші өтті

Hasangaliev keshi  Облыстық қазақ драма театрында облыс әкімдігі мен БҚО облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтың 75 жылдығына арналған «Туған жер-әнім» шығармашылық кеші өтті.

Халқымыздың ардақ тұтар әнші-композиторының шығармашылығын ұлықтап, Отан, туған ел тақырыбына арналған көптеген шығармаларын насихаттауды мақсат тұтқан кешке әншінің жары «Құрмет» ордені мен «Шапағат» медалінің иегері  Дарико Сопыжанқызы мен Канаданың Торонто қаласындағы кино-режиссерлер дайындайтын жоғарғы оқу орнының студенті, немересі  Амир  Аменов қатысты.

Сонымен қатар концерттік бағдарламаға Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Қоры сыйлығының лауреаты, әке арманын жалғастырушы, өнер жолындағы жас әнші-композитор Біржан Хасанғалиев  өнер көрсетті.

Сондай-ақ I-VII «Атамекен» ән фестивальдерінің жеңімпаздары: Жаскелең Ғайсағалиев, Нұржан Тасболатов, Ақмарал Ахметова, Расим Жұмағалиевтер ән шырқады.

Кеш соңында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мерейтой иесіне жүрек жарды лебізін жолдап, иығына шапан жапты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале