16.09.2016, 17:28
Оқылды: 31

Еңбек адамдары марапатталды

%d0%b5%d2%a3%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b  Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып бекітілген болатын.

Осыған орай аудандық мәдени демалыс орталығының Тәуелсіздік залында аталмыш мерекеге орай салтанатты форум  өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен аудандық жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімова,  ауылдық округ әкімдері  мен еңбек ардагерлері қатысты.


Жиында алғаш болып сөз алған Люция Әсетқызы жиналғандарды айтулы мерекемен  құттықтап, еңбек күніне орай ұйымдастырылған форумның мақсатына тоқталды.

 - Сіздердің жыл бойы атқарған еселі еңбектеріңіз кейінгі жастарға үлгі болып қалатынына мен сенімдімін. Шыны керек, соңғы екі -үш жылда комбайн штурвалына отырып егін оратын, тракторға  отырып  жер жыртатын адам  таппай қалуымыз да ғажап емес. Сондықтан жастарымызды осындай қарапайым еңбекке баулуымыз қажет.  Қазіргі таңда осыған   көп   көңіл бөлінуде.  Тіпті техникалық колледждердің өзінде ауылшаруашылық мамандарын дайындауда да жақсы жұмыстар атқарылуда,- деді Люция Әсетқызы өз сөзінде.

  Форум соңында аудан әкімі С.Әлиевтің атынан бірқатар еңбек адамдарына алғыс хаттар табысталды. Жиын  мерекелік концертке ұласты.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале