31.10.2016, 19:03
Оқылды: 21

«Жайықжылуқуатта» жаңа қондырғылар

%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d2%9b%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d1%83%d2%9b%d1%83%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d2%9b%d0%be%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d1%80%d2%93%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80  Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті «Жайықжылуқуат» АҚ-ның  бірнеше обьектілеріне пресс-тур ұйымдастырып,    инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысы туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді.


  Биыл «Жайықжылуқуат» АҚ «2016-2020 жылдарға арналған Орал қаласын жылумен жабдықтау жүйесін, ЖЭО жабдықтарын, суалғы мен қазандықтарды қайта құру және жаңғырту» инвестициялық бағдарламасы бойынша бірнеше жылу магистралында жөндеу және қайта құру жұмыстары жүзеге асырылды.  Бағдарламаның жалпы құны 1 млн. 404,9 теңгені құрайды. Биылғы жылы бұл жобаға бюджеттен 612,6 млн. теңге бөлінсе, іске асқан жобалардың құны 681,3 млн.теңгені құрап отыр.

  Алдымен қаламыздың Т.Масин көшесінде орналасқан 7-жылу магистралін қайта құру жұмыстарымен таныстырылды.   «Жайықжылуқуат» АҚ сату-өткізу бөлімінің бастығы Бекболат Қамешовтың айтуынша инвестициялық бағдарлама бойынша бөлінген 151,82 млн.теңге қаржы игеріліп, 484 метр  құбыр  ауыстырылған. Бүгінгі таңда қайта құру жұмыстары аяқталып, 48 үй жылуға қосылған. Жобаны «Бірлік» ЖШС қолға алған. Бұдан бөлек, «Нұрлы жол» бағдарламасы  бойынша 8-жылу магистралі де қайта жөндеуден өткен. Оған республикалық бюджеттен 179,6 млн.теңге қаражат бөлінген.

  Бұдан кейін Достық даңғылында орналасқан №244/1 және №244/3 мекен-жайында жүргізілген жұмыстар таныстырылды.

   - Жергілікті тұрғындардың арыз-шағымдарының негізінде аталмыш мекен-жайдың жылу қыздырғышы биыл жаңа құрылғымен ауысытырылды. Яғни, инвестициялық бағдарлама бойынша бөлінген 10,2 млн.теңге қаржыға қуаты аз ыстық сумен жылыту жүйесінің пластиналық жылу алмастырғыштары сатып алынды. Іске қосылған жаңа қондырғы бүгінгі таңда 200 пәтерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуде, - дейді участке шебері Арман Шалабаев.

  Күні бүгінге дейін қала бойынша 671 дана энергияны есепке алу құрылғылары орнатылған. «Жайықжылуқуаты» АҚ-ы  өз есебінен 556 есептегіш құралды сатып алса, бағдарлама негізінде 167,8 млн.теңге қаражатқа тағы 239 есептегіш құрылғы сатып алынған. Жаңа қондырғылар арқылы қаламыздың 4-шағын ауданының №6 және №7 үйлері жылу және ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Жөндеу жұмыстары қараша айының аяғында  толығымен аяқталмақ. Мамандардың айтуынша, келер жылы қаланың өзге аудандарына қосымша 260 есептегіш құралын қою жоспарлануда.

Ләззат ШАҒАТАЙ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале