17.06.2015, 21:59
Оқылды: 20

Жалақысыз қалдырғандарды жақсылық күтпейді

B Maken Nyrlibekkk   Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен дағдарысқа қарсы штабтың отырысы өтті. «ТМК-Казтрубпром» ЖШС-ның мәжіліс залында өткен кеңесте құзыретті орган өкілдері облыстағы еңбекақы берешегі бар кәсіпорын басшыларымен кездесті.

Жиындағы басты тақырып – жалақы берешегі бар мекемелерде әлеуметтік шиеленістің алдын алу, мәселелерді дер кезінде анықтап, құзырлы орындардың араласуымен шешу. Берешектердің өтелуі бойынша меморган басшыларының есептері тыңдалды.

Облыстық әділет департаментінің басшысы Әсия Мұхитова өз сөзінде: «Биылғы 1 қаңтардан бүгінге дейін сот орындаушылары 114 өндірістік іспен айналысты. Бұл істер бойынша жұмыс берушілердің 133 млн. теңге берешегінің әлі өндірілмеген 31 млн.теңгедейі қалды. Облыста төрт айдан бері жұмысшыларына жалақы төлемей отырған 20 мекеме бар. Басты мәселе осында» деді. Бұлардың берешек болу себебі әртүрлі – кейбірінің меншігінде сатып өтейтін мүлік жоқ, кейбір мекемелердің басшылары қамауда отыр. Ал өзге жалақы төлемей отырған мекеме басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалатын болады. Олардың жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынып, шетелге шыға алмайтын шектеу қойылмақ. Мұндай тәжірибе бұдан әрі облыста таратыла бермек. Сондықтан мекеме басшыларына мұндай істерді сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен оңтайлы шешуге кеңес берілді.

         www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек НҰРЛАНҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале