3.03.2016, 16:50
Оқылды: 61

Жалпақталда зілтеміршілер сайысты

Kaztalov Jalpaktal auir atletika Жалпақтал ауылында ҚР 25 жылдығына орай жəне Жалпақтал ауылдық округі əкімінің жүлдесіне арналған аудандық спорт мектебінде ауыр атлетикадан 1998 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир оздырылды.


Ашылу салтанатында ауыл әкімі Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері»,  Самиғолла Ақмурзин, ҚР самбо күресінен еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұрлан Қауметов, аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Бердалиев, БҚО ауыр атлетикадан аға жаттықтырушысы Дәурен Байтөреев, БЖСМ директоры Айбар Мұғалбаев зілтеміршілерге сәттілік тіледі. Бұл турнирге Орал қаласы спортқа дарында балаларға арналған мектеп интернаты, мұз айдынның сарайының балалар жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық БЖСМ командалары қатысты. 60 жуқым жасөспірімдер 12 салмақ бойынша бақ сынады.

Турнирге 69 келі салмақ дəрежесінде спорт шебері Оралбек Онаев - ҚР чемпионатының жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткерлер Артур Зырянов - Шымкент қаласында өткен оқушылар спартакиадасында I орын, Өтепберген Əлиев - Орынбор қаласында өткен халық аралық турнирдің жеңімпазы, Айя Чимеева, Арман Ізтілеуов, Руслан Ниетов, Абылай Сатиев – Қазақстан Республикасының чемпиондары қатысып, өнер көрсетті.

Руслан Ниетов серпе көтеруде 125 келіні, Оралбек Онаев жұлқып көтеруде 101 келіні, Өтепберген Əлиев жұлқып көтеруде 47 келіні, Дмитрий Шулепов жұлқып көтеруде 60 келіні және серпе көтеруде 71 келіні, Жарбосын Бекет серпе көтеруде 60 келіні, Нұралы Маканов серпе көтеруде 58 келіні, Хамидолла Сержан жұлқып көтеруде 28 келіні бағындырып, жеңімпаз атанып, өздерінің рекордттарын жаңартты. Сонымен қатар 30 келі салмақта Аңсар Темірғалиев, Дінмұхамбет Жасталап, 34 келіде Ермұрат Касумов, Жанболат Ихсалов, 38 келіде Саят Сыйлыбаев, Елдар Кенжеғалиев, 42 келіде Мадияр Хадимов, Ерсұлтан Мажитов, 46 келіде Азамат Жайлыбаев, Қайсар Нариманов, 50 келіде Әли Нығмет, Салауат кенжеғалиев, 56 келіде Темірлан Болатов, Бекет Жарбосын, 62 келіде Сұлтанбек Ғалиев, Еламан Мақсотов, 69 келі салмақта Азамат Талапов, Абылай Сатиев ІІ және ІІІ орындарды місе тұтты. Ал қыздар арасында 53 келі салмақта Индира Әбішева, Айымжан Мақсотова ІІ, ІІІ орындарды қанағат тұтса, Аия Чимеева жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Әли Нығмет «Ең үздік техникасы», Батырхан Елеуов «Жеңіске деген жігерлігі үшін», Бек Нұрмұханов «Ең жас зілтемірші» номинацияларына ие болды.

 Барлық жеңімпаздар мен жүлдегер зілтеміршілер дипломдармен, медальдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале