20.11.2015, 9:04
Оқылды: 20

«Жарылғыш зат қойылды» деп жалған ақпарат берген тұрғын екі жылға сотталды

Jarilgish zat   Тасқала аудандық сотының үкімімен Атамекен ауылының тұрғыны С.Русаков ҚР ҚК 273-бабына сәйкес (дайындалып жатқан терроризм актісі жөнінде көріну жалған хабар беру) айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуге сотталды.


БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы 10 қазанда ішімдік ішіп алған С.Русаков үй телефонынан «103» нөміріне қоңырау шалып, Тасқала ауданы орталығындағы аудандық ауруханада жарылғыш зат қойылғандығын хабарлаған.

Орталық аудандық аурухана аумағында іздестіру жұмыстары жүргізілгенмен, абырой болғанда, жарылғыш зат табылмаған. Бұған барлық жедел қызметтердің жеке құрамы жұмылдырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале