27.04.2016, 15:33
Оқылды: 26

Жасасын тәуелсіздік теңдігіміз

????????????????????????????????????

    Сейсенбі күні Тасқала аудандық кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай «Жасасын тәуелсіздік теңдігіміз» атты шара өтті.


    Аталмыш шарада мүмкіндігі шектеулі жандардың көз жауын алар қолөнер туындылары қойылып, келген жандардың көңілдерінен шықты. Алғаш сөз алған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Асқар Ғабдрахимұлы осындай керемет қолөнер туындыларын жасағандарына алғысын айтып, барлығына мақтау қағаздарын табыстады.

     Бұдан соң Алдар көсе қойылымын тамашалаған мүмкіндігі шектеулі жандар шаттана қуанып, бір марқайып қалды. Сондай-ақ, өз өнерлерін көрсетіп, тілектерін де тілге тиек етті.

    Осылайша шараның уақыты да өз мәресіне жетіп, тамаша туындыларын алып келіп, белсене қатысқандарына кітапхана ұжымы алғысын айтып шығарып салды.

www.zhaikpress.kz

Есенжол САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале