10.10.2015, 11:28
Оқылды: 12

Жастар кеңесі бас қосты

Taskala jastar kenesi    Тасқала  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы жастар жұмысы жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Кеңес жұмысын аудан әкімінің м.а Л.Жұбанышқалиева ашып, жастар қауымының  атқарып жатқан игі  жұмыстарын тілге тиек етті.

Кеңес жұмысына аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов пен»Нұр отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен  мекеме басшылары қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде : «Жастар практикасы» мен «дипломмен ауылға» , «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламаларының»  ауданда жүзеге асырылуы туралы мәселелер қаралды.

Аталмыш мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің  басшысы Л.Тастамбекова «дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен  жұмыспен қамту орталығының  директоры Б.Кентоғаева жастар практикасы туралы ақпараттарын ортаға салды.

Жиын соңында аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов сөз сөйлеп ертеңгі болашағымыз жалынды жастардың атқарып жатқан істерін тілге тиек етсе, «Нұр отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез жастар қауымын партия жүктеген жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

www.zhaikpress.kz

Н.Жәрдемова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале