3.07.2015, 13:10
Оқылды: 20

«Жасыл елде» - 50 студент

Akjayik jasil elde elu student  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылдан қанат жайған "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша қам-қарекет Ақжайық ауданында да аз емес.

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде биылғы бұл кезең салтанатты жағдайда басталды. Бұл мекемеде 50 студент 2 кезеңде, шілде-тамыз айларында бағдарламаға қатысып, елдімекендерде жасыл желектің жайқалуына өздерінің үлестерін қосады. «Жасыл ел» сарбаздарының жұмысын қадағалау орманшаруашылық инженері Айгүл Берікқызына тапсырылды. Қыз-жігіттер қазір Тайпақ орман бөлімшесіндегі тұқым бағының 3 гектар тынабына және Степной бөлімшесіндегі екпелерге күтім жасап,  зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Алдағы күндерде Алмалы, Қарауылтөбе орман бөлімшелеріне барып, екпе көшеттерін тазарту, өсуін бақылау жұмыстары жүргізіледі.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале