23.07.2015, 18:24
Оқылды: 18

Жас дәрігерлер әкімнің қабылдауында болды

Janibek darigerler akimnin kabildauinda    Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қызмет етіп жүрген жас дәрігерлерді қабылдады.

-«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл тынысына өте маңызды саналатын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік сақтау саласындағы білікті мамандарға басқа қолдаулармен қатар, баспаналы болуға көмектеседі. Ауданымызға дәрігер мамандар өте қажет. Сондықтан, бірінші кезекте сіздерді баспанамен қамтамасыз етуге баса назар аударылады,- деді аудан әкімі өз сөзінде.

«Символ» ЖШС-нің  директоры Есқайыр Елемесов жас мамандарға бағдарламаның тиімділігін түсіндіріп, баспанаға қол жеткізу жолдары туралы ақпарат берді.

Жиынға қатысқан аудандық орталық аурухананың жас дәрігері Мейрамгүл Құсенова бізге берген сұхбатында:

-Бұл мемлекеттің жастарға беріп отырған үлкен мүмкіндігі. Қазіргі таңда елімізде медицина саласына молынан көңіл бөлініп отыр. Біз өз тарапымыздан еліміздің, ауылымыздың өркендеуі үшін еңбек ете береміз,- деді.

www.zhaikpress.kz

 Данияр ҒИБРАТҰЛЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале