27.08.2015, 17:44
Оқылды: 20

Жас мамандар елге келді

Karatobe jas mamandar mektepke keldi    Қаратөбе ауданы халқының денсаулығын нығайту, олардың өмір сүру сапасын ұзарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіп отырған аудандық орталық ауруханаға міндеттелер жұмыс ауқымы кең.

Жуырда аурухана ұжымы жоғары білімді үш бірдей жас дәрігермен толықты. Айта кету керек, үш жас маман да туған өлке перзенттері.

Оның бірі Мержан Сұлтанов болса, екіншісі Гауһар Аймағанбетова, ал үшіншісі Нұрғалиева Айна есімді жас дәрігер.

Үшеуі де Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің түлектері.

Аталмыш жоғары оқу орнын жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған жас мамандар бүгінде аудандық орталық ауруханаға дәрігер болып қызметке орналасты.

Жаңа буынды бас дәрігер Зейіл Мағзомов бастаған аурухана ұжымы жылы қабылдады. Оларға аурухана басшылығы тарапынан толыққанды қолдау жасалынып отыр.

- Дәрігер болу - өте жауапты іс. Абыройлы мамандық бізден жауапкершілікке қоса, кәсіби біліктілікті талап етеді. Осы мақсатта ел халқының денсаулығын нығайтуда аянбай еңбек етеміз, - дейді қызметіне енді ғана кіріскен жас маманның бірі Гауһар Мергенқызы.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале