27.05.2016, 19:35
Оқылды: 122

Жас тәртіп сақшылары мен тәлімгерлерінің слеті өтті

 

Jas mamandar sleti    «Жас келсе - іске» дейді қазақ халқы. Өте орынды айтылған сөз. Оқуды кеше ғана тәмамдап келген маманды еңбекке баулу, кәсіби шыңдау, сол ортаға бейімдеу қажет. Ол үшін тәлімі мол тәлімгерді оған бекіткен жөн. теориялық білімді ғана алып келген маманды тәлімгері өз тәжірибесімен бөлісіп, өны үйретумен қатар, қолдау көрсетіп, ынталандырып отыру  қажет. Сондай-ақ, жас қызметкерлердің ұжымға тез сіңуіне, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ұжымшылдық қасиетін, өз Отаны үшін мақтаныш, Анты мен қызметтік борышына адалдық сезімді тәрбиелеуге тәлімгердің көмегі зор.


   Қазіргі жаһандану заманында Қазақстан Республикасы – жастардың білім мен біліктілікке талпынып әрекеттенуінің, еңбектеніп өсуін талап етіп отыр.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбев ведомстволық білім мен ғылымды дамыту барысында баса назар аударылатын құқық қорғау органдарында кадр саясатын концепциялау мен құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі жаңашаландырудың мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын. Бұл орайда ғылыми жұмыстарды датытуға Ішкі істер министрлігі Академиясының қосқан өзіндік үлесі бар. Осыған орай мамандар өздеріне бекітілген тақырыптардың ғылыми жағын жетілдіріп, зерттейді де оның нәтижесі ішкі істер органдарына іс жүзінде қолдануға жол тартады.

    «Тәрбие тал бесіктен басталады» осы ұлағатты сөзді атам қазақ ерте заманнан бастап ұрпағына өсиет етіп қалдырған. Сөз қадірін білетін өнегелі әрі салиқалы адам бұл сөзді алтынға сатпасы анық. Ішкі істер органдарының қатарына қосылып, қызметке қабылданған сәттен бастап, яғни полицияның табалдырыған аттаған уақыттан бастап оларды тәрбиелеу ісіне де баса назар аударған абзал. Жас мамандармен жүктелген міндетті абыроймен атқару, азаматтармен ілтипатты  қарым-қатынас жасау, өзінің жұмысын сыйлау, елін, Отанын қорғау, азаматтардың қауіпсізідігін, тыныштығын сақтау және полицияның атына кір келтірмеу бойынша түсіндірме жұмысын жиі өткізу қажет.

    Осыған байланысты мамырдың 27 күні Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай ашылған «Қазақстан халқының ассамблеясы үйі» немесе «Достық үйінде» Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер органдарының жас маман мен олардың тәлімгерлерінің облыстық слеті болып өтті. БҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Утеулин құттықтау сөз сөйлеп, облыстық слетті ашық деп жариялады.

         Шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, БҚО ІІД бөлініс басшылары, тәлімгерлер мен жас қызметкерлер, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

   БҚО ІІО және ІӘ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.К.Адаев, БҚО ІІД қалааудандық бөлініс басшылары жас қызметкерлерді тәрбиелеуде тәлімгерлердің ерекше рөлі жөнінде түрлі баяндамалар оқып, тәжірибелерімен бөлісті.

   Шара кезінде еңбек тәжірибесі мол, кәсіби шеберлігі шындалған қызметкерлер, атап айтар болсақ БҚО ІІД Орал қ.ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторы полиция майоры Ақжарқын Жандауова,  БҚО ІІД Ақжайық АІІб учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Батыр Өтешқалиев секілді полиция қызметкерлері ІІД басшылығы тарапынан марапатталды. Сондай-ақ, қиын кезеңге қарапайым азаматтарға қол ұшын беріп, көмекке келіп ерлігімен көзге түсіп «Қазіргі заман қаһарманы» атағына ие болған БҚО ІІД Сырым АІІб учаскелік полиция инспекторы Едірес Зейнуллин, Орал қ. ІІБ Жергілікті полиция бөлімінің қызметкері Мұхит Абулхаиров және  ІІД Тергеу басқармасының жүргізуші-полицейі Ғабит Нұғманов секілді тәртіп сақшыларын жас мамандарға үлгі етті. Кейін қылмыс ашу кезінде жіті қимыл мен қырағылықтары, адам құтқару жолындағы көзсіз ерліктері баяндалған деректі фильм көрсетілді.

   БҚО ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне облыстық слетке қатысушылардың үндеуі оқылып, ішкі істер органдарының әрбір қызметкерін тәртіп пен заңдылықты қалтқысыз сақтаудың өнегесін көрсетуге, жоғары адамгершіліктің үлгісі болуға шақырды.

   Шараның екінші кезеңі түскі астан кейін жас мамандар мен тәлімгерлердің Батыс Қазақстан облысы ІІД құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және арнайы дайындық базасының аумағында орналасқан Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған Батыс Қазақстан облысы қызметкерлерінің құрметіне арналған  мемориалдық кешенін тамашалау, гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Қаз-қатар тізілген жас мамандар мемориалдық кешен алдында сап түзеп, ерлікпен қаза тапқан қызметкерлер алдында тағзым етті.

    Слет соңы тәлімгерлер мен жас мамандар қаламыздағы Қазақ Драма театрының әртістері дайындаған «Жәннәт» қойылымын тамашалап, естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

 Асылай Ғұбашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале