15.06.2015, 11:36
Оқылды: 27

Жат болмыстан діни сауаттылық қорғайды

Akjayik jat bolmistan sauattilik korgaidi   Ақжайық ауданының орталығында облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық-ұғындыру жұмыстары бөлімінің инспекторы Сандуғаш Сақауова, оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Нұрбол Мырзахметов, көмекші инспектор Айымгүл Базарова жастармен жүздесіп, ой бөлісті.

Осында жат болмыстан сақтануға байланысты түйдек-түйдек толғамдар ортаға салынды. Н.Мырзахметов елімізде әркімнің діни сенім бостандығына шектеу қойылмайтынын айта келіп, бірақ, ерік өзімде екен деп, елден бөлінуге болмайтынын баяндады. Оның сөзін қостап, бетімен кеткендер тап болып жатқан қайғы-қасірет жайында жастар Еламан Жекенов (агротехколледж студенті), Нұрлыбек Сабырғалиев («Спорт жұлдызы» батыс аймақтық газетінің тілшісі), Ақбөбек Қоспаева («Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының маманы) тілге тиек етіп, дін мен дәстүр хақында сөз саптады. Білімге ұмтылыстың маңыздылығы, білімсіздіктің сан соқтыратыны жайындағы ортаға ордалы ой тасталды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале