13.06.2016, 11:13
Оқылды: 30

«Жауқазын» таланттарды танытатын жоба

????????????????????????????????????

  Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Зеленов ауданы тәрбие жұмысы орталығының «Менің Тәуелсіз - Қазақстаным» атты көрмесі өтуде. Жас таланттардың өнерін бағалап, оларға қолдау көрсету бағытында осымен екінші мәрте оздырылып отырған «Жауқазын-2016» жобасына өңіріміздің барлық аудандарының жас өнерпаздары қатысуда.


  Ақжайық, Тасқала, Сырым және Қаратөбе аудандары өнерпаздарынан кейін өз кезегін алған Зеленов өрендері көрсмесінің ашылуына Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкентану музейі директорының орынбасары Азат Қабиев, «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров, Николай Анципрович, Анатолий Ким сияқты еңбек ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты.

   «Нұр-ай» би ансаблінің «Шашу» биімен ашылған шара басында қонақтарға қош келдің айтқан Азат Маратұлы музей ұжымы өнерлі жастарды қолдауға қай кезде де дайын дей келе, жастарды қолдап, өнерлерін шыңдауға жағдай жасап отырған аудан әкімі Кәрім Жақыповқа алғыс хат ұсынды. Одан соң сөз алған Нұржан Тоғызбайұлы жас таланттарды қолдау мақсатында жүргізіліп келе жатырған жоба жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ Анатолий Петрович пен Николай Антонович те жүрекжарды тілектерін білдіріп, жоба ұйымдастырушыларына рризашылығын білдірді.

   Одан әрі Гаухар Есенғалиева жүргізген көрмена тамашалған қонақтар зеленовтық жас өнерпаздардың жұмыстарына оң бағаларын берді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале