23.12.2015, 16:45
Оқылды: 42

Жаңақалада су мәселесі шешіліп келеді

Janakala su madelesi   Мал баққан шаруаның да, олардың жұмысына ұйтқы болатын аудан әкімдігінің де қыс алдындағы алаңы су мәселесі еді. Әсіресе Көпжасар, Жаңақаланың құрғап қалған өзен, көлдеріне су жетпесе де, жағалай мал қыстайтын, елдімекендер отырған Қарақұдық, Борық, Аққұс каналдарына су беру, Қоңырсайды суға толтырып, Мұқырға жіберу, Қараөзен арқылы Айдархан, Мәстексай, Мұқыр, Сарыкөл ауылдарына, Сарыөзен арқылы Айдынға қысқа жетерлік су алу ең өзекті мәселе болған-ды.


Тіпті су мамандарының уәдесіне күдік келтіріп, сенімсіздік танытқанымыз рас. Десе де мәселе оңынан шешіле бастады. Қарық қылып тастамағанмен Айдынға әжептәуір су келді. Қараөзеннен де түскен су Айдарханды, Мәстексайды, Мұқырды қамтып, Сарыкөл өзеніне түсіп жатыр. Басты алаңымыз – Жайықтан алатын су еді. Ол да күдігімізді сейілткендей.
Уайым болған Қарақұдық каналына да су түскен екен. Бозобадағылар да құрғап қалған көбіктерін суға толтырып, көңілдерін бірлеп отыр.

Борық каналына да жетерлік су беріпті. Аққұс каналы арқылы да Қоңырсайға су түсе бастағады. Бұйырса жүрек түкпірінде Жаңақаланың 80 көлі суға толар деген үміт қылаулады.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ Ақбасов

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале